Жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Ғанибек Отарбаев БАҚ өкілдеріне брифинг беріп, Жолдау жүктеген міндеттер мен осы жылдың 10 айында атқарылған жұмыс барысына тоқталды.
 Облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің құрылымына ЗК-169/5 аралас мекемесі, ЗК-169/4 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесі мен тергеу изоляторы және пробация қызметі қарайды. Департамент жазасын өтеушілердің жағдайын әрдайым назарда ұстап, олардың арасында мәдени-спорттық іс-шаралар, психологиялық кеңестер мен басқосулар, мамандармен кездесулер өткізу тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Сонымен қатар олардың  кәсіппен айналысуына мүмкіндік жасалып, Кәсіпкерлер палатасымен меморандум жасаудың нәтижесінде ЗК-169/5 мекемесінде бүгінде 9 адам кәсіп ашып, жазасын өтеуші 120 адамды жұмыспен қамтыған. Алдағы уақытта тағы да екі кәсіп көзін ашу жоспарда бар. Айта кетелік, мұнда негізінен тігін цехы, газоблок, брусчатка, мүсін жасау, қолөнер, дәнекерлеу цехтары жұмыс істейді.
Қылмыстық кодекске енгізілген өзгеріс бойынша жазасын өтеушілердің жазасын ізгілендіру биылғы жылдың шілде айынан басталып, бұл пробация қызметінде қолданылған. Ал қатаң түрде жазасын өтеушілерге ізгілендіру жасалмайды.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қараша 2018 г. 181 0