«Қазалы-Көркем-Сервис» ЖШС жаңа ғимараты ашылды

Бүгін ауданда «Қазалы-Көркем-Сервис» ЖШС-інің жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімі М.Ергешбаев қатысып, аймағымыздағы кәсіпкерлік саласының қарқынды дамуының айқын көрсеткіштеріне тоқталды. 
Сондай-ақ 2014 жылдан бері Әйтеке би кентінің санитарлық тазалық пен абаттандыру, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын атқарып жүрген «Қазалы-Көркем-Сервис» ЖШС-і ұжымының жұмысына сәттілік тіледі. Содан кейін аудандық Ардагерлер ұйымының төрағасы О.Бекбанов сөз алып, мекеменің кент көлемінде атқарған істеріне ризашылығын білдірді.
Жаңа ғимараттың ашылу рәсімін аудан әкімі М.Ергешбаев, облыстық мәслихат депутаты, белгілі азамат С.Имандосов, аудандық Ардагерлер ұйымының төрағасы О.Бекбанов жасады. Сондай-ақ, жиналған көпшілік нысанның ішкі құрылысымен де танысып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
Айта кетсек, «Қазалы–Көркем–Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестік 2014 жылдан бері Әйтеке би кенті бойынша санитарлық-тазалық, абаттандыру, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді. Кенттегі барлығы 186 көшенің 84 көшесіне, сонымен қатар шет аймақтарға, қоғамдық демалыс орындарының тазалығымен айналысады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қараша 2018 г. 197 0