Бозымбаев орынбасарының ұсталуы жайында: Вице-министрді министр тағайындамайды

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасары Анатолий Шкарупаның  бюджет қаражатын ұрлау күдігіне ілінуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ештеңе білмеймін. Бірінші рет естідім. Білуімше, 2015 жылдары болған жайт. Ал ол бізге жұмысқа бір ай бұрын ғана келді», - деді ол Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар, министр орынбасарларын өзі тағайындамайтынын атап өтті.

«Министр вице-министрлерді тағайындамайды. Олар Үкімет қаулысымен тағайындалады. Ол - тәжірибелі адам. Мән-жайды шешеді деп ойлаймын», - деді Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Саран қаласының бұрынғы әкімі, ал қазіргі кезде Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа 2015 жылы 215 млн теңгені жымқыру күдігіне іліккен мәлім еткен болатын.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қараша 2018 г. 107 0