Астанаға саяхат

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Руханиятты қолдау» қоғамдық қоры облыс мектептерінің оқушыларын Елордаға экскурсияға апарды. 

«Туған жерге тағзым» әлеуметтік жобасының маңызды шараларының бірі ретінде жүзеге асырылған экскурсия барысында оқушылар Астанадағы мәдениет ошақтарын аралады. ҚР Ұлттық музейі, ЭКСПО кешені, «Бәйтерек» монументі, әртүрлі ескерткіштер мен ойын-сауық орталықтары секілді елімізге танымал орындарда болды. Балалар ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесімен, яғни «Нұр Әлем» ұлттық павильон-сферасымен, басқа елдердің көрме павильондарымен, олардың мәдениетімен, тарихымен танысып, энергияның балама көздері туралы көптеген қызықты мәліметтер алды.

Экскурсияға көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, оқу озаттары, аудандық және облыстық деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздары бар,барлығы 21 оқушы, 2 жауапты тәлімгер мен 1 медбике барып келді. Экскурсия бағдарламасына сәйкес алып жүретін гидтің болуы, көліктің қолайлылығы, оқушыларды вокзалдан күтіп алу мен шығарып салу, 3 мезгіл тамақпен қамтамасыз ету сынды қызметтер жоғары  деңгейде көрсетілді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қараша 2018 г. 192 0