Көне көліктер көрмесі

Гаванада көне көліктердің раллиі өтті. Ұйымдастырушылардың шартына сәйкес, көліктер Гавананың ескі қаласы мен Малекон жағалауын айналып өтуі тиіс. Жалпы кубалық ескі көліктер әлемге кеңінен танымал және құнды жәдігерлерді осылайша паш ету кубалықтардың дәстүріне айналған.
Антуан Акоста шеруге қатысушы:
 – Бұл ралли мен үшін өте маңызды. Себебі бала кезімде әкеммен бірге Кубаның ең әдемі автомобильдерін тамашалауға келуші едім. Әрине, оларды заманауи көліктер деп айтуға келмейді. Дегенмен олар баяғыда-ақ класикаға айналып кеткен және оларды тек Кубада ғана кездестіруге болады.

Дереккөз: Хабар24
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қараша 2018 г. 190 0