Су жетіспеушілігінен 600 мың га күріш егістігін жоғалттық

 Қызылорда облысының әкімі Қырымбаев Көшербаев күріштің сапасын арттыру бойынша ресейлік ғалымдар бірігіп жұмыс істеп жатқанын мәлім етті, деп хабарлады "Бақ.кз".
«Бұрын сіздер «Ақмаржан» күрішімен таныс болсаңыздар, енді «Лидер» деген күріштің сортымен жұмыс істеп жатырмыз. Күріштің сапасын одан әрі арттыру үшін ресейлік ғалымдармен тығыз байланыстамыз», - деді өңір басшысы ОКҚ-де өткен брифингте.
Сондай-ақ ол биыл дихандар ауа райының қолайсыздығына қарамастан 473 мың тонна күріш жинағанын мақтанышпен жеткізді.
«Су тапшылығы мен ауа райының қолайсыздығына қарамастан 473 мың тонна (54,5 ц/га) күріш өнімін жинадық. Биыл судың жетіспеуіне байланысты 600 мың га күріш егістігін жоғалттық. Сондықтан осындай жағдайларды болдырмау үшін қазіргі таңда өңірде су тасқыны кезеңінде 2 млрд м3-тан астам су жинайтын «Күміскеткен» және «Қараөзек» су қоймаларын салуды қарастырып отырмыз», – деп Қырымбек Көшербаев.
Сондай-ақ облыс әкімі Қызылорданың күріші Монғолия, Ауғанстан, Түркия елдерінің нарығына шығарылғанын атап өтті.
Сөз соңында өңір басшысы өңірдегі кәсіпкерлеге өз алғысын білдірді.
«Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге ризашылығымды білдіремін. Олар тек пайданы ғана ойламай, жердің құнарлығын арттыру, экологияға ықпал ету, әлеуметтік мәселелерді шешу және ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуде өте жақсы жетістікке жетті», - деп түйіндеді сөзін ол.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қараша 2018 г. 216 0