Өнеркәсіп өнімі жыл басынан бері 16,4% қымбаттаған

Қазақстанда өнеркәсіптік өнімдер шығаратын кәсіпорын-өндірушілер өндірістік сипаттағы қызмет көрсетуді есепке алғанда 2018 жылдың қазанында өткен аймен салыстырғанда бағаны 1,8%, ал 2018 жылдың желтоқсанындағы көрсеткіштен 16,4% көтерген, - деп хабарлайды  ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Жыл басынан бері өңдеуші өнеркәсіптегі өндіруші-кәсіпорындар бағаны 7,5%, тау-кен өнеркәсібінде - 24,6% өсірген. Өнеркәсіптік өндіріс 17,2%, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер 7,5% қымбаттаған. Есептік кезеңде мұнай бағасы 28,5%, дизель отыны - 23,9%, мазут - 20%, табиғи газ - 12,4%, көмір - 10%, металл кендері - 2,8% бензинге - 1,8% жоғарылады. Ферроқорытпа - 19%, қара металдар прокаты - 18,2% артса, қорғасынның құны - 10,9%, мырыш - 9,3%, мыс - 1,7%  арзандаған. Өндірушілер күріштің бағасын - 18,9%, өсімдік майын - 8,2%, шайға - 7,3%, бидай ұны - 4,5%, қара бидай ұны - 3,8%, балыққа - 3,5%, құс етіне - 2,9%, мал етін - 2,6%, сүт өнімдеріне - 2,5%, нанға - 0,9% -ға көтерген. Ал, жармаларға - 1%, макарон өнімдеріне - 0,4% -ға төмендетті.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қараша 2018 г. 206 0