Үндістанның солтүстік бөлігін қар басты

Үндістанның солтүстігін қар басып жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қардың толассыз жаууы - бұл өңірде сирек кездесетін құбылыс. Джамму және Кашмир штатының астанасы Срингара шаһарында көліктер жүрмей қалды. Рейтер агенттігінің дерегі бойынша, аймақтағы елді мекендердің басым бөлігі жарықсыз отыр.
Химачал Прадеш штатында бір күн ішінде қалыңдығы 40 мм қар түскен. Айта кететін жайт, осы екі штатта жауған қар мен нөсердің көршілес Пенджаб, Харьян, Уттар-Прадеш пен Дели қалаларына да әсері бар. Бұл жақтағы қыс суық болмағанымен қолайсыз жағдай адамдарға айтарлықтай әбігер туғызады.
БЛИЦ
- Бұдан 10 жыл бұрын қараша айында осылай қар жауған. Осы күнді көптен күткен едік, өйткені қар жауған кезде туристер Кашмирге ағылады.
 - Егер де біреу менен «жұмақ қайда» деп сұраса, мен осы жерде деп көрсетер едім. Өйткені қар басқан  даланың әдемілігін сөзбен жеткізу мүмкін емес.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қараша 2018 г. 297 0