Жолдау: «Аралтұз» АҚ жұмысшыларының жалақысы көбейеді

Елбасы Жолдауында ең төменгі жалақы мөлшерін 1 жарым есеге көбейтуді тапсырды әрі бұл бастаманы ірі компаниялар қолдайтынына сенім артқан еді. Қызылорда облысындағы «Аралтұз» акционерлік қоғамы алғашқыларының бірі болып Президенттің бастамасына қолдау білдірді, -деп хабарлайды Хабар24.kz.
Жаңа жылдан бастап «Ақ алтын» өндірушілердің айлық табысы 20 процентке өседі. Аралдағы тұз зауытының 90 жылдық тарихы бар. Соңғы жылдары индустрияландырудың игілігін көрген өндіріс екі бірдей испан цехын іске қосты. Өндіріс 300 пайызға дейін артып, 600 жаңа жұмыс орны ашылды. Есесіне еңбекақы да жыл сайын көбеюде.
«Еңбекақыны көбейтсе, әрине, әрбір жұмыскердің әлеуметтік жағдайы жақсарады. Мүнда 1 мың 200 адам жұмыс істейді. Зауыт 25 мың тонна ас тұзын шығаратын болса, оның 14 мың тоннасы техникалық саладағы өнімдер, техникалық тұздар. Оның ішінде мал азығына, мал шаруашылығына брикеттелген тұз шығарып, оған да сұраныс артып отыр. Бүгінде «Аралтұздың» өнімі Ресей нарығының 15 пайызын еңсерген. Өткен жылдан бастап Әзербайжан мен Грузияға өткізіп келеді. Ендігі меже - Қытайды мойындату», - дейді тұз байыту цехының басшысы Бержан Рысмамбетов.
«Бүгінгі күнде «Аралтұз» АҚ 70 пайызын өзінің өнімін шетелдерге экспорттайды. Арал ауданы мен облысымыздың дамуына үлесін қосып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға көңіл бөлінеді. Компания жаңа жылдан бастап мыңға жуық қызметкерлердің еңбекақысын 20 пайыздан астам ұлғайтуды жоспарлап отырмыз»,-дейді«Аралтұз» АҚ президенті Айдынбек Тауасаров.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қараша 2018 г. 230 0