Tesla электркөліктері тұраққа орналасуды үйреніп жатыр

Әйгілі америкалық миллиардер Илон Масктың идеясы бойынша жасалып жатқан Tesla көліктері жүргізушісіз басқарылады. Қазіргі уақытта дайындалып жатқан жүйенің көмегімен болашақта бұл автокөліктер тұрақтағы бос орынды өздері табатын болады. Көлік бұл қызметті 2019 жылы толықтай меңгереді. Ақпаратты компанияның бас директоры Илон Маск өзінің «Твиттердегі» парақшасында хабарлады.
 Жоғарыда айтып өткен қызметті өзі орындауға қауқарлы көліктің функциясы AutoPark деп аталады. Алайда, Маск мырза көліктің бұл қызметті қалай орындайтынын ашып айтқан жоқ.
Қазан айындағы ақпараттар бойынша, Тesla электркөліктері жарты жылдың ішінде көлікті басқаратын жаңа жүйені іске қосады. Бұл құрылғылардың көмегімен аталған жүйе бұрынғыдан 500 пайызға жылдам жұмыс жасамақ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қараша 2018 г. 189 0