5G ұялы байланысына ие iPhone қай жылы жарыққа шығады?

Өзге компаниялар ерекше интернет жылдамдығына ие 5G ұялы байланысын өз өнімдеріне орнату үшін қазірден қамданып жатыр. Смартфон нарығындағы компаниялар да Инстаграмда жаңа трендті аңдып отыратын блогерлер сияқты... Ал Aplle асықпайды.
5G – ұялы байланыстың бесінші буыны(поколение). Оның 4G-дан айырмашылығы, ол аккумулятордың қуатын аз жұмсайды және интернет жылдамдығы жоғары, шамамен секундына 1-2 Гбит.
Компанияның жоспары бойынша, 5G байланысына ие алғашқы iPhone 2020 жылы жарыққа шығады. Бұл туралы Fast Company интернет басылымы хабарлады.
 5G Intel компаниясының микропроцессорларына орнатылып, смартфонға 8161 модемі қойылады. Интернеттің жылдамдығы дәл осы модеммен тікелей байланысты.
2019 жылы iPhone смартфондарының бет-әлпетті тануға арналған FaceID жүйесі жаңа мүмкіндіктермен толықтырылады. Ашып айтсақ, 3D сканердің қызметі жақсаруының арқасында қолданушы жарық қатты түскен аймақта да смартфонды еш қиындықсыз бұғаттан шығара алады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қараша 2018 г. 193 0