Дүкен тонаған қарақшы ұсталды

Шымкентте дүкен тонаған күдікті ұсталды. Сатушыға күш көрсеткен ер адам Тараз қаласында қолға түскен, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 Айта кетейік, 2 қазан күні Инстаграм желісінде қаладағы дүкендердің біріне шабуыл жасалғаны туралы бейнежазба таралған болатын. Онда белгісіз жігіт дүкенге баса көктеп кіріп, сатушыға күш көрсеткені түсірілген. Сезікті кассадан ақша алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Шымкент қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, әл Фараби аудандық полиция басқармасы мен Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының барысында сезікті қамауға алынды.
«Қазіргі таңда аталған оқиға ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне тіркелген. Тергеу амалдары жүргізілуде», делінген хабарламада.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қараша 2018 г. 193 0