АУДАН ӘКІМІ "ЖАЛАҒАШ ҚҰРАМАСЫ" ЖАЙДАРМАН ТОБЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Жалағаш ауданының әкімі Қайратбек Әубәкірұлы "Жалағаш құрамасы" жайдарман тобын қабылдады.
Әкім топтың мүшелерімен ашық сұхбат құрып, бұдан әрі қарай ауданда жайдарман ойындарын дамыту, жастарды тәрбиелеу жайында әңгімелесті.
- Ауданда болашақтың тірегі - жастардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Білім, өнер, спорт саласында аудан жастары айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, түрлі байқауларда, байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Соның бір дәлелі ретінде - жаңадан құрылған "Жалағаш жастары" жайдарман құрамасының жетістігін айта аламыз,-дей келе жастарға ұтымды әзілмен, сүбелі сөзбен xалықтың көңілінен шығып, жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестігін білдірді.
Өз кезегінде жайдарманшылар аудан әкіміне алғыстарын білдіріп, сенім үдесінен шығуға уәде берді.
Айта кетейік, "Жалағаш құрамасы" жайдарман тобы "Қазақстан КВН одағы" РЖҚБ Қызылорда облыстық филиалының шешімімен 2017-2018 жылғы Жайдарман маусымының ойындарының "Үздік аудандық лига" номинациясымен, "Ақмешіт Жастары" газетінің 5 жылдығына арналған кубоктың иегері, Жайдарман маусымашарында өнер көрсетіп, облыстық жоғары лига ойындарына жолдама алған болатын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қыркүйек 2018 г. 187 0