Астана Media Week: 2000-нан астам адам қатысады

Қазақстанда медиа апталық алаңына 2000-нан астам адам жиналады, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі ҚР АКМ Ақпарат комитетіне сілтеме жасап.
«Жылдың ең ірі кәсіби оқиғасы болған Астана Media Week Қазақстанның дәл ортасында 26 қыркүйектен 28 қыркүйекке дейін 2000-нан астам қонақ, қазақстандық және шетелдік медиаиндустрияның 60 топ-менеджерін, 50-ден аса продакшн-компанияны жинайды», - делінген видео-анонста.
Диалог алаңында өзекті тақырыптарды талқылауға, сонымен қатар, түрлі елден келген жетекші мамандардың мастер-кластарына баруға болады. 26 қыркүйекте «Контент-маркет» көрмесі, 27 қыркүйекте аймақтық БАҚ форумы және 28 қыркүйекте Astana Digital Forum өтеді.
Медиа апталыққа Қазақстанның барлық телеарнасы, кино және продакш студиясы шақырылады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қыркүйек 2018 г. 102 0