Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам

Тұрғындар арасында құқық бұзушылық, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры тамыз-қыркүйек айы аралығында Қазалы, Қармақшы аудандарында қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырды. Сонымен қатар «Қызылорда қалалық білім бөлімі» ММ, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қызылорда облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті» РММ, «ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша  мемлекеттік кірістер  департаменті» РММ, "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Амбулаториялық–емханалық қызметі бар Қазалы аудандық орталық ауруханасы" ШЖҚКМК, "Әйтеке би кенті әкімінің аппараты" КММ, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының ішкі істер департаменті» РММ, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаменті» РММ-де, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда медициналық жоғары колледжі" КМҚК-де акциялар мен сұқбат алаңдарын өткізді. Аталған шараларға қала тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала мамандары, медицина салаларының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері табылды. Сондай-ақ,  ауқымды жиындарға облыстық Ішкі істер департаменті заң бөлімінің басшысы  Хұсайын Қоразбаев пен  қор директоры, заң ғылымдарының магистрі, халықаралық құқық қорғау орталығының кәсіби медиаторы Жандос Тұсмағамбетов   қатысып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа, қылмыстылыққа, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бойынша хабарлама жасап,  сауалдарға жауап берді.

М.СНАДИНҚЫЗЫ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қыркүйек 2018 г. 192 0