Жалағаш ауданындағы кездесу

«Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығы облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп Жалағаш ауданында «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында  аудан тұрғындарына мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамдардың  ынтымақтас  жауаптылығына негізделген МӘМС-тің негізгі принциптері,  МӘМС-ті енгізудің басты мақсаттары, яғни қоғамдық ынтымақтастыққа қол жеткізу, қаржылық жүйенің орнықтылығын қамтамасыз ету, осы жүйенің тиімділігін арттыру жайын «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының облыстық филиалының бас сарапшысы Абылайхан Рахымов егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Бұдан бөлек, Қызылорда облысында әлеуметтік осал тобын мейлінше қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында бастапқы төлемсіз тұрғын үй алуға мүмкіндік беретін «Орда», «7-20-25» мемлекеттік бағдарламалары бойынша баспаналы болу тетіктері,тәртіптері айтылды. Бұл бағыттағы аудан тұрғындарының сауалдарына «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ аймақтық филиалының консультанты Ділдаш Нұрқасымова жауап берді.
 «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығының төрайымы Құрманкүл Ерімбетова «Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға байланысты ақпараттық насихаттық шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында халыққа тегін құқықтық кеңес берулер тұрақты ұйымдастырылатындығын, туындаған сұрақтарды жолдау үшін сенім телефоны жұмыс жасайтындығынан хабардар етті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қыркүйек 2018 г. 125 0