Құрметті тұтынушылар!

Бүгінгі  таңда  отандық табиғи газ жеткізушісі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның алдында  тұтынушылардың  қарыздары үлкен сомаға жиналды. 

Ең ірі қарыздардың бірі Қызылорда қаласының тұтынушылары арасында. Егер қалалық коммуналдық қызметтер 118 млн. теңге қарызданса, халықтың үлесі  842 млн. теңгені құрайды. Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты және уақытылы төлеушілері  зейнеткерлер мен қызметкерлер болып табылады. Айтарлықтай жұмыс жасайтын  ірі компаниялармен серіктестіктер мол табыстарына қарамастан   бірнеше айлар мен кейде жылдар бойы төлемейді.

Қызылордадағы өндіріс филиалы  тұтынушыға жинақталған борышты өтеуге түрлі  мүмкіндік берді, алайда, бұл іс-шаралар қажетті нәтиже бермеді. Осыған орай «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда өндірістік филиалы  2018 жылдың 13 қыркүйегінен бастап 2018 жылдың 13 қазанына дейін тұтынылған  газға берешекті  жинауды бастады. Жұмысшы бригадаларын тағайындап, алдын ала жасалынған тізімге сәйкес, белгілі  мекенжайларға барып абонентті құбырдан түтікті кесу арқылы газдан  ажыратады.

Сондай-ақ, газды қайта қалпына келтіру қарызды толығымен өтегеннен кейін, сондай-ақ газды өшіру, қайта қосу және іске қосу шығындарын төлегеннен кейін жүргізілетіні туралы еске саламыз.

Қарыздың өтелуін растайтын ақпаратты мына телефоннан табуға болады:  8/7242 / 55-17-40


  •  

(«Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» 

мемлекеттік мекемесінен 2015 жылдың 27 қарашасында 

№15001650 мемлекеттік лицензиясы берілген)

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қыркүйек 2018 г. 320 0