Ағылшын тілін деңгейлік оқыту курсы тәмамдалды

27 тамыз-13 қыркүйек аралығында Қызылорда облысы Төтенше жағдай саласының 12 маманы Тілдерді оқыту орталығында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ағылшын тілін  деңгейлік оқыту курсын оқыған болатын. 

13 қыркүйекте ағылшын тілін бір деңгейлік оқыту курсы тәмамдалып, барлық қатысушы деңгейлік курста оқығандығы туралы сертификатты иеленді. Курстың дәріс берушісі – Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Аяжан Әбдібекова. Қызылорда облысы «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» халықаралық тас жолы маңына орналасқандықтан жол бойында шет азаматтарының да өздерін құтқару мақсатында көмек сұраған уақыттар болды. Осы ретте төтенше жағдай саласы мамандарының шет тілді білуі құтқару жұмысын жеңілдететіні анық.

Қызылорда облысының  ТЖД

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қыркүйек 2018 г. 96 0