Азиада-2018: Таэквондошы Жансель Дениз ел қоржынына күміс жүлде салды

Қазақстандық таэквондошы Жансель Дениз 2018 жылғы Азия ойындарында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА Қазақстанның ҰОК-ға сілтеме жасап.


Отандасымыз 67 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша финалдық сында Оңтүстік Корея елінің спортшысы Дабин Лимен кездесті. Екеуі бір-біріне тегеурінді шабуыл жасағанмен,  Ли басымдық танытып, Дениз қарсыласынан 21:27 есебімен жеңіліп қалды.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 тамыз 2018 г. 69 0