Қазақстандық таэквондошы Азиаданың қола медалін жеңіп алды

Қазақстандық таэквондошы Руслан Жапаров 2018 жылғы Азия ойындарында қола медальді еншіледі, деп хабарлайды «SPORTINFORM»  САА Қазақстанның ҰОК-ға сілтеме жасап.


Отандасымыз 80 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі жартылай финал ойындарында ирандық спортшыдан 7:11 есебімен жеңіліп қалды. Дегенмен, Жапаров медальсіз қалмады. Спорттың аталмыш түрінің ережелеріне сәйкес, жартылай финалда жеңілген  таэквондошы қола медальға ие болады. Руслан Жапаровтың жетістігі Қазақстанның құрамасының активіне сегізінші медаль алып келді


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 тамыз 2018 г. 70 0