Қазақстандық спортшы Азиаданың рекордын жаңартты

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарынында Мария Дмитриенко стенд атудан Азия ойындарының финалына жолдама алып, Азиаданың рекордын жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей «трап» категориясында сынға түскен ол 119 ұпай жинап, Азия ойындарының рекордын жаңартты. Ливаннан келген мерген де тап осындай нәтиже тіркеді. «Трап» бағдарламасы бойынша ерлер арасында сынға түсіп жатқан Виктор Хасянов та финалда өнер көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Азия ойындарының алғашқы күні қазақстандықтар бір алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз. 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 тамыз 2018 г. 102 0