Қазақстан Ресейден бензин әкелуге тыйым салды

Қазақстанда Ресейден бензин әкелуге тыйым салу туралы бұйрыққа қол қойылды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев Ресейден теміржол арқылы бензин тасымауға тыйым салу туралы бұйрыққа қол қойды. Енді елге Ресейден үш бойы теміржол арқылы бензин тасымалданбайды.

16 тамызда ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған бұйрық жария болғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң, яғни 26 тамызда күшіне енеді.

Қазақстанның энергетика министрлігі бұған дейін Ресейден бензин әкелуге не үшін  тыйым салынғанын түсіндіріп өткен болатын.

Айта кетейік, бұған дейін жақын күндері елімізде бензин бағасының арзандайтынын хабарлаған болатынбыз.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 тамыз 2018 г. 69 0