Шығармалар жинақ жарық көрді

 Бүгін облыстық музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің Студенттер сарайында Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жазушы-ғалым Мырзабек Дүйсеновтың 90 жылдығына орай, жазушының еңбегі, ізденістері мен тіршілігінің нәтижесінен көрініс беретін музей қорында сақталған құнды құжаттардан, суреттерден «Ұрпаққа аманат» атты тарихи-танымдық фотокөрме ұйымдастырылды.
Асыл мұрамызды насихаттау, ұлтымыздың әлеуетін көтеру, мәдениетіміз бен идеологиямыздың одан әрі дамуына үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған көрме өткен тарихымызды зерделеу арқылы, тәуелсіз еліміздің болашағы жас ұрпақтың ұлттық ой-санасын қалыптастырды. Мырзабек Дүйсеновтың жан дүниесін жарып шыққан өлмес, өшпес шың өнері, ғалымдығы мен жазушылығы жымдасып жатқан осы қасиеттер кемеңгер ғалымды өз ортасынан даралап, әдебиеттану ғылымына қосқан зор еңбегі, оны келешек ұрпаққа елеулі ететін аманаты болып қалды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 тамыз 2018 г. 213 0