Ғ.Байтасов атындағы ҚЖИ республикалық слеті өтеді

2018 жылғы 20-29 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің бастамасымен Қызылорда қаласында Ғ.Байтасов атындағы Қозғалыстың жас инспекторларының республикалық слеті (бұдан әрі - ҚЖИ) болып өтеді. Оған 190 бала - Қазақстанның өңірлік жарыстарының жеңімпаздары, сондай-ақ Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының командалары қатысады.
Іс-шараны қолдағандар: Қызылорда облысының әкімдігі мен Ішкі Істер Департаменті, Қазақстандағы «Шелл» концерні.
«Слет бағдарламасы жарыстарды көздейді және «Саптық байқау», «Жас реттеуші», «ЖҚЕ білгірлері», «Жас санитар», «Эрудиттер турнирі», «Үгіт бригадалары конкурсы» атты 8 конкурсты, сондай-ақ велосипедті мәнерлеп жүргізу және велосипедті автоқалашықты жүргізу жөніндегі жарыстарды қамтиды, - деп атап өтті ҚР ІІМ ӘПК ресми өкілі Ақтоты Боранова. - Бұдан бөлек, слет бағдарламасында полиция қызметкерлері мен білім беру жүйесінің жұмыскерлері арасында конкурстар өткізілгелі отыр, олардың нәтижелері жалпыкомандалық есепке алынады».
Полиция қызметкерлері ЖҚЕ білу, баспасөз хабарламасын жазу, автокөлікпен жылдамдықта маневр жасау және ЖКО кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша күш сынасады. Педагогтар балалардың жолдағы қауіпсіздігі тақырыбындағы сыныптан тыс іс-шараны өткізу бойынша шеберлігін көрсетеді.
Балаларға арналған жарыстардан бөлек, көптеген қызықты іс-шаралар, конкурстар, экскурсиялар және кездесулер көзделіп отыр.
ҚЖИ слеті - кәмелетке толмағандар балалардың қатысуымен орын алған ЖКО алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері, педагогтар, мектеп оқушылары тарапынан үнемі атқарылып тұратын бірлескен жұмыстың бір бөлігі ғана.
Ашылу рәсіміне арналған салтанатты шеру, биылғы жылдың 22 тамызында сағат 09.30-да, Желтоқсан көш. (Мұратбаев көшесінен) – Есенов көш. бойынша өтеді, ал рәсімнің өзі – сағат 10.00-де «Еуразия» спорттық кешенінде өткізіледі.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті
БАҚ аккредитациясы +77019731777 тел. бойынша, 
Қызылорда қ. ІІД баспасөз қызметі: 295688,295061 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 тамыз 2018 г. 68 0