ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Кеше Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Құрылысшылар күніне орай жиын өтіп, құрылыс саласында еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Жиында сөз алған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ауданда аурухана, мектеп басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатқандығына тоқталды. Сондай-ақ, құрыш қолды құрылысшыларды, сәулетшілерді, осы салада тер төгіп жүрген барша азаматтарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, алғыс хаттарын табыстады.
Сонымен қатар, аудандық мәсихат хатшысы Д. Мадинов аудан құрылысына еңбегі сіңген ардагер құрылысшыларды еске алып, мерекелік лебізін білдірді.
Жиын соңында ардагер құрылысшылар жас буын өкілдеріне ізгі тілектерін жеткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 тамыз 2018 г. 129 0