«Халықаралық Армия ойындары - 2018»: ҚР Қарулы Күштері командасы үздік үштікке енді

Мәскеудегі «Алабино» полигонында өткен IY Халықаралық Армия ойындарының салтанатты жабылу рәсіміне ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қатысты, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.


Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрамасы жалпы командалық үшінші орынды иеленді, бірінші орында Ресей Федерациясының командасы және екінші орынға Қытай Халық Республикасының әскери қызметшілері жайғасты. Қазақстанның командасын ұйымдастырушылар көрнекілердің бірі деп танығанын айта кеткен жөн. Ойынның төрешілер алқасының мүшелері ҚР ҚК әскери қызметшілерінің жоғары дайындық деңгейлерін, кәсіпқойлықтары мен жауынгерлік машықтарын атап өтті. Қазақстандық армияның абыройы мен беделі үшін түрлер мен әскер тектерінің, «Астана», «Оңтүстік», «Батыс», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының 300-ге жуық әскери қызметшісі халықаралық аренада бақ сынасты. Қазақстан құрамасының қоржынында 4 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль бар. Одан басқа, жабылу салтанаты шеңберінде ҚР Қорғаныс министрі Н. Ермекбаев Ресей қорғаныс ведомствосының басшысы, армия генералы С. Шойгумен кездесу өткізді. Оның барысында тараптар әрі қарайғы екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 тамыз 2018 г. 192 0