Тауларға Қазыбек би, Әйтеке би және Төле бидің есімі беріледі

Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағындағы тауларға үш бидің есімі беріледі - Қазыбек би, Әйтеке би және Төле би, - деп хабарлайды Otyrar.kz. 
Облыстық "Бұл біздің таулар" фестивалінің аясында тауларға үш бидің есімін беру жоспарланып отыр. Бұл тапсырма Қазақстанның үш өңіріндегі альпинистерге сеніп тапсырылды.  "Сіздер игі іс істеуді жоспарлап отырсыздар - тауларға біздің ұлы үш биіміздің Қазыбек би, Әйтеке би және Төле бидің есімдерін берейін деп жатырсыздар. Біз сіздерді Орбасы аумағынан шығарып саламыз. Ата-бабаларыңның рухы әрдайым сіздерді қолдап, жолдарыңыз жеңіл болсын", - деп батасын берді Қазыбек би мен Әйтеке бидің ұрпақтары. Сондай-ақ, таудын басына Түркістан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының альпинистері шығатыны айтылады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 тамыз 2018 г. 91 0