Ораторлық қабілетті дамыту мақсатында семинар-тренинг өтті

Жалағаш ауданында облыстық ішкі саясат басқармасы және «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Көпшілік алдында сөйлеу: аудиторияны меңгерудің психологиялық аспектілері және ораторлық қабілет» атты семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингте «Аудиторияны меңгерудегі сөйлеу шеберлігінің маңызы» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Тұяқбаев Ғабит, «Көпшілік алдында сөз сөйлеудің психологиялық аспектілері» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қауымдастырылған профессор м.а., психология ғылымдарының кандидаты Аяғанова Алмагүл, «Ақпараттық соғыста қорғаныс амалдары» тақырыбында аталмыш университет доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Құлмырзаев Нұрлан хабарлама жасап, ораторлық шеберлік турасында сөз қозғап, көпшілік алдында сөйлеудің қыр-сырларымен бөлісті.

Талқылау, сұрақ-жауап түрінде өткізілген семинар-тренингте көпшілік алдындағы сөйлеудің әртүрлі ерекшеліктері, мәселелері мен шешу жолдары, қазіргі кездегі ақпараттар аламанындағы тың жаңалықтар айтылды.

Атламыш семинар-тренингке мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері, ақпараттық топ мүшелері, белсенді жастар қатысты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2018 г. 56 0