Президент «қылмыстық заңнаманы ізгілендіретін» заңға қол қойды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «қылмыстық-процессуалдық заңнаманы жетілдіру үшін енгізілген өзгерістер» заң жобасына қол қойды. Бұл туралы Азаттық президенттің баспасөз қызметіне жасап хабарлады.

Ақорда таратқан хабарламада «Назарбаев қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық заңнамалар мен құқық қорғау органдарының және арнайы мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіру туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгеріс енгізу туралы» заңға қол қойды» деп жазылған.

Заң жобасын парламенті 21 маусымда қабылдаған. Сенаттың профильді комитеті заң жобасы «қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге, қылмыстық процесте заң сақталуының кепіл болуына, сондай-ақ ішкі істер органдары мен құқық қорғау органдарының жұмыс жүйесін жетілдіруге» бағытталғанын айтқан.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 шілде 2018 г. 151 0