Ғалымдар телефонмен ұйықтаудың не себепті зиян екенін айтты

АҚШ-тағы Калифорнияның денсаулық департаменті жүргізген зерттеу нәтижесінде телефонмен ұйықтаудың басты қауіпі анықталды. Мамандардың айтуынша, телефонның адамға жақын орналасуы қатерлі ісік пен жүйке жүйелері ауруларына шалдықтыру мүмкін деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ұялы телефондар ақпарат алмасу барысында төменжиілікті ридиосигналдарды пайдаланады. Олардың әсіресе мәлімет алмасу кезінде адам денсаулығы үшін зияны елеулі.

Әзірге телефонның ауруларға нақыты қалай әсер ететіні толықтай дәлелденген жоқ. Алайда, жүргізілген сансыз зерттеулер қауіптің орынды екенін көрсетті.

Сол себепті, мамандар адамдарға ұйықтар кезде ұялы телефонды өзінен алшақ ұстауға кеңес береді. Бұған телефон өндірушілер де келісіп отыр.


Олардың айтуынша төменжиілікті толқындар өте қауіпті болу мүмкін. Мамандар телефондарды кемінде бес миллиметр қашықтықта ұстау керектігін айтуда.

Оған қоса, зерттеру нәтижесінде бұл төменжиілікті толқындар үлкендерге қарағанда балаларға көбірек әсер ететіні анықталды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 шілде 2018 г. 157 0