Денис Теннің қашан және қайда жерленетіні белгілі болды

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, дарынды спортшы Денис Тенді Дружба аулында жерлейтін болды. Марқұммен қоштасу рәсімі 21 шілдеде Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Бұл туралы Қазақстанның мәнерлеп сырғанау бойынша бас бапкері Құралай Узурова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.
Ал марқұмның жаназасы таңғы сағат 09:00-ден 10:30-ға дейін өтетін болады. Сағат 10:30-да Денис Теннің мүрдесін Дружба аулындағы зиратқа алып барады. Еске алу асы сағат 13:00-де өтеді. Әзірге астың өтетін орны белгіленбеді.
Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді белгісіз біреулер пышақтап кетті. Спортшыны кімнің жарақаттағаны анықталды. Артынша оның қайтыс болғаны ресми түрде хабарланды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 шілде 2018 г. 420 0