Синоптиктердің 19 шілде күнгі ауа райы болжамы

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 19 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады, солтүстікте түнде және  таңертең тұман түседі.

Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауылға ұласуы ықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең - тұман, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің 18 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с,  күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Маңғыстау, түнде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.  Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық сақталады.

Маңғыстау облысында, Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан,, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 шілде 2018 г. 53 0