Жаңақорған қауын-қарбызы Ресейге жөнелтілді

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы «Жиделі» шаруа қожалығы Ресейге 30 тонна қауын-қарбыз жөнелтті. Маусым аяқталғанша экспорт көлемі  бірнеше есеге артады деген жоспар бар, деп хабарлайды kazakh-zerno.kz.

 Шаруа қожалығының басшысы Бағдат Мұсатаевтің айтуынша, өнімді алқаптан тікелей жөнелткен. Аудандағы шаруалар бұған дейін қарбыздың «Астрахандық» деген, ал қауынның «Күләби қара 694» деген түрлерін егіп келсе, соңғы кезде америкалық «Нисса» сортына сұраныс көп екен. Бұл сорт қабығы қалыңдығымен, тәттілігімен ерекшеленеді және тасымалдауға да төзімді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, өңірде биыл 7490 гектарға бақша өнімі егілген.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 шілде 2018 г. 147 0