Жапонияда су тасқынынан 204 адам қаза тапты

Жапонияның оңтүстік-батысы мен орталық аудандарында болған су тасқынынан қаза болғандардың саны 204 адамға жетті. Бұл туралы бас хатшы Ёсихидэ Суга Токиода өткен баспасөз мәслихаты барысында айтты, - деп хабарлайды РИА Новости. 
Осыған дейін төтенше жағдайдан 200 адамның қаза болғаны хабарланған еді. "204 адам қаза болды. 28 адам із-түссіз жоғалып кетті. Тағы 54 адамның қайда екенін растай алмай отырмыз", -  деді бас хатшы.
Сондай-ақ, ол зардап шеккен 58 елді мекенге 35 миллиард иен (шамамен 350 миллион доллар) көлемінде субсидия бөлу туралы шешімнің қабылданғанын айтып өтті. Қазіргі уақытта оқиға орнында өзіндік қорғаныс күштерінің және полицияның 73 мың қызметкері жұмыс істеп жатыр. Басылымның мәліметінше, 5 000 адам эвакуациялық елді мекендерге орналастырылды. Онда 5,5 мың ерікті жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, өткен аптаның соңында қатты жауған жаңбырдың салдарынан Жапонияның оңтүстік-батысы мен орталық аудандарын су басқан еді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 шілде 2018 г. 84 0