Футболдан ӘЧ-2018: Хорватия құрамасы Англияны жеңіп, финалға шықты

Мәскеуде футболдан әлем чемпионатының екінші жартылай финалы өтіп, Хорватия және Англия құрамалары ойын көрсетті. Бұл туралы Sports.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ойынның 5-минутында Киран Триппье алғашқы голды соғып, Англия құрамасын алға шығарған еді. Алайда 68-минутта хорватиялық Иван Перишич есеп теңестірді. Ал ойынның 109-минутында Марио Манджукич жеңіс голын соғып, Хорватияны финалға алып шықты.

Айта кетсек, финалда Хорватия және Франция құрамалары кездеседі.

Әлем чемпионатының финалы 15 шілдеде Мәскеуде өтеді.

Ал 14 шілдеде Англия және Бельгия құрамалары Санкт-Петербургте үшінші орынға таласатын болады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 шілде 2018 г. 96 0