Ғалымдар аптап ыстықтың ми жұмысына кері әсерін тигізетінін дәлелдеді

Гарвард ғалымдары аптап ыстықтың кесірінен адамның жұмыс істеуге деген қабілетінің төмендеп, ағзаның түрлі ауруларға шалдығатынына әкеп соғатынын дәлелдеді. Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ауа температурасының үнемі құбылып тұруы мен экстремалды ыстық ауа 18 бен 75 жас аралығындағы адамдардың денсаулығының нашарлауына кесірін тигізетін көрінеді.

Когнитивті қабілеттердің нашарлауын Гарвард студенттерін тексерген кезде анықтаған. Олардың көбі салқындатқышы бар ғимараттарда өмір сүріпті. Аптап ыстықтың салдарынан студенттердің оқу үлгерімі 13 пайызға төмендеп кеткен.

Ыстық ауамен демалу мен күннің астында ұзақ уақыт бойы жүру созылмалы сырқаттарға шалдықтыруы мүмкін.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 шілде 2018 г. 161 0