Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие болды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие болды. Бұл заң "Казахстанская правда" газетінде жарияланып, өз күшіне енді, - деп хабарлайды РИА Новости.
 Айта кетейік, биыл 5 шілдеде парламент мүшелері осы заңды мақұлдап, Мемлекет басшысы заңға қол қойған болатын. Қазақстанның Конституциялық кеңесі құжатты Конституцияға сәйкес деп таныды. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасына өмір бойы Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болу құқығы берілді", - делінген жарияланған заңда.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 шілде 2018 г. 120 0