Ирак Елекеев жеке сот орындаушылар палатасының басқарма төрағасы болды

Астанада Жеке сот орындаушылар Республикалық палатасы Президиумының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жеке сот орындаушылар Республикалық палатасының басқару органы болып табылатын Президиум отырысы барысында жаңа Басқарма төрағасы тағайындалды. Президиум мүшелері басым бөлігінің дауыстары нәтиждесінде, 3 жылдық мерзімге жеке сот орындаушылар институтының жаңа басшысы болып әділет саласының ардагері Елекеев Ирак Қасымұлы сайланды. 


Оның есімі атаулы инстиутты құрудың бастамашысы, әрі Қазақстандағы сот актілерін орындаудың жеке моделін ендірудің қозғаушысы ретінде белгілі. Жеке сот орындаушылар Республикалық палатасы институтты дамытуды және Палатаның қызметін үйлестіре ұйымдастыруды мақсат тұтады. Осы орайда Жеке сот орындаушылар Республикалық палатасының Басқармасы және Президиумы Парламент депутаттарының, уәкілетті органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар өкілдерінің шақыруымен қыркүйектің 28-ші жұлдызында кезектен тыс Съезд өткізу туралы шешім қабылдады. 


Институтты дамыту, өркендету және атқару өндірісін оптимизациялау - Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-ші қадамын орындаудағы маңызды бағыттардың бірі. Осылайша, экс-Басқарма төрағасы Сергей Лидің мерзімнен тыс өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауы институттың болашақ дамуы және орныққан жағдайды қалыпқа келтіру жолында жасалған нәтижелі шара ретінде қарастырылып отыр. Жеке сот орындаушылар Республиалық палатасы Президиумының мүшелері Сергей Лиге институтты дамыту жолында атқарған ерен еңбегі үшін ризашылықтарын білдірді: бұрынғы басшының бастамасымен орындаудың шетелдік тәжірибесі жан-жақты зерттеліп, осы жолда Франция, Литва, Германия, Ресей сияқты мемлекеттерде тағылымдамадан өткізу шаралары ұйымдастырылды. 


«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-ші қадамын орындаудың аясында ЖСО РП Халықаралық Сот Орындаушылар Кеңесіне мүшелікке енді, жеке сот орындаушылар ресми формасы енгізілді, Палата қабырғасында «Жеке сот орындаушылар және олардың көмекшілерінің Оқу орталығы» ашылды, Қоғамдық комиссия құрылды, 2018-2025 жылдарға арғалған институттың даму бағдарламасы жасалды. Анықтама үшін: Қазақстанда 1700-ден астам жеке сот орындаушы қызмет жасауда. 2018 жылы ЖСО портфеліне жалпы сомасы 5,1 трлн тенгені құрайтын 4719430 атқару құжаттары келіп түсті, оның ішінде 328 мың құжат алимент өндіруге тиесілі.  

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 шілде 2018 г. 296 0