Елімізде Жастар және отбасы ісі жөніндегі комитет құрылады

Қоғамдық даму министрлігі жанынан Жастар және отбасы ісі жөніндегі комитет құрылады. Бұл туралы Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев айтты.

«Қызмет сол күйінде қалды. Қоғамдық жаңғыру департаментінің жобалық кеңсесін құруды жоспарлап отырмыз. Ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестірумен айналысатын болады. Сонымен қатар Жастар және отбасы ісі жөніндегі комитет құрылады. Бағдарламасы әзірленіп, сонымен айналысатын боламыз», - деді Дархан Кәлетаев Үкімет отырсынан кейін БАҚ өкілдеріне.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 шілде 2018 г. 235 0