Ғалымдар: D дәруменінің миға пайдасы жоқ болып шықты

Аделаида университетінің ғалымдары D дәруменің миға пайдасыз екенін анықтады. Бұған дейін аталған дәруменнің жеткіліксіздігі деменцияның ерте жастан дамуының және күйзелістің ауыр түрлерінің себебі саналған еді.

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Зерттеушілер 73 пациентті бақылап, нәтижесіне D дәруменінің организмнің жалпы ахуалына ықпалы бар екенін анықтаған. Алайда бұл дәрумен мидың саулығына әсер етпеген.

Ғалымдар анықтағандай, организмде D дәруменінің жеткіліксіздігінің ұмытшақтық тәрізді неврологиялық аурулардың пайда болуына не дамуына ықпалы жоқ. Сонымен қатар жүйке жүйесі мен миға еш пайдасыз болып шықты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 шілде 2018 г. 87 0