Жол уақытша жабылады

Құрметті Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Ағымдағы жылдың 11 шілде мен 14 шілде аралығында Яссауи көшесінің, яғни Ғ.Мұратбаев пен Мүсірепов көшесі аралығында жылу желілерін жаңғырту жұмыстары бойынша жөңдеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты аталған аралықта автокөлік жолының жабылатындығын хабарлаймыз.

Осыған орай, аталған аралықта қатынайтын №1,15 бағыттағы қоғамдық көліктер Яссауи көшесінен Мұратбаев көшесіне бұрылып, Яссауи тұйығымен жүріп, Мүсірепов көшесі арқылы Яссауи көшесіне түсіп, әрі қарай өз бағыттарымен жүреді.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз!


Қызылорда қаласының әкімдігі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2018 г. 238 0