Мұнайдың әлемдік бағасы құбылып тұр

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы жұма күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, мұнай бағасы әртүрлі бағытта өзгерді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауда-саттық нәтижесінде, қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы Лондонның ICE Futures биржасында 0,28 долларға төмендеп, барреліне 77,11 долларды құрады. WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX)  0,86 долларға өсіп, баррелі 73,8 доллар болды.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 шілде 2018 г. 261 0