Илон Маск Таиландтағы үңгірде қамалып қалған балаларды құтқаруға көмектесіп жатыр

Илон Маск Таиландтағы үңгірде қамалып қалған балаларды құтқаруға көмектесіп жатыр, - деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы. 
Телеарнаның мәліметінше, Таиландта "Кхао Луан" үңігіріне кіріп қамалып қалған 12 бала мен жаттықтырушыны құтқару операциясы әлі жалғасып жатыр. Шараға әйгілі кәсіпкер Илон Маск қосылып, жеткіншектерді құтқарудың жаңа тәсілін ұсынған. Ол балаларды сыртқа шығару үшін нейлон құбыр тарту керегін айтады. Сонымен қатар, Илон Маск ол жерге өз мамандарын жіберді. Айта кетейік, 12 футболшы бала жаттықтырушысымен бірге 23 маусым күні Хуахани қаласының маңындағы тауға серуендеп барып, үңгірге кірген. Бірақ, аяқ астынан жауын жауып, үңгірді су басып, қамалып қалған. Балаларды іздеу жұмыстары басталып, тоғызыншы күні оларды британдық сүңгуір тапты. Бірақ суға толған үңгірден оларды шығарып алу мүмкін болмай тұр. Кеше құтқару операциясы кезінде 38 жастағы 1 дайвер қаза тапты. Ол оттек толтырылған баллондарды жеткізу кезінде ауа жетпей қысылып қалған. "Қайтыс болған дайвер отставкадағы жауынгер еді. Осы операцияға өз еркімен қатысқан болатын. Ол тапсырманы орындап болып, үңгірден шықпақшы болған жерде көз жұмды. Осындай қайғыға душар болғанымызға қарамастан балаларды үңгірден тезірек алып шығуға бар күшімізді саламыз", - деді әскери жүзушілер бөлімінің командирі Арпакорн Юнгкео.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 шілде 2018 г. 316 0