Эстониялық ғалым Ханон Барабанер: 20 жыл ішінде Астана ертегі қалаға айналған

Эстондық экономист, Стэнфорд университетінің оқытушысы Астана қаласының дамуын 20 жыл бойы бақылап келген. Ғалым Қазақстанның дамуына таңданысымен бірге Эстонияның бұрынғы Президентінің Назарбаевқа сәлемдемесін жеткізді.

Эстон экономисі, Стэнфорд университетінің оқытушысы Ханон Барабанер оның көз алдында Астананың 20 жыл ішінде қалай өзгергені туралы өзінің пікірмен бөлісті. Сонымен қатар Эстонияның бұрынғы Президенті Арнольд Рюйтел ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сәлемдемесін жеткізуді өтінген. Бұл туралы ғалым Ханон Барабанер Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Жібек жолы елдері қалаларының мэрлер дөңгелек үстелі барысында айтты.

Барабанер өз сөзінде Астананың 20 жыл ішінде ертегі қалаға айналып үлгергеніне сүйсінгенін жеткізді және Астана әкімі Әсет Исекешевке Эстонияның бұрынғы Президенті, мемлекеттік қызметкер Арнольд Рюйтелдің сәлемін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жеткізуін өтінді.


«20 жыл ішінде ертегі қалаға айналып үлгергендеріңізге сүйсінгенімді жеткізгім келіп отыр. Мен жыл сайын осы жиырма жылдың бәрінде Қазақстанда болып, қалай өсіп жатқандарыңызға куә болдым. Осында ұшып келер алдын Президент Рюйтелмен жолықтым, ол маған Жібек жолы бойындағы барлық қалаларға табыс тілеп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жеке сәлем жолдауымды өтінді», – деді дөңгелек үстел аяқталар кезде.


Сондай-ақ эстондық қонақтың айтуынша, жолдауда Қазақстан мен Эстонияның арасында тығыз интеллектуалдық және экономикалық байланыс бары айтылған.


 «Астана Азия мен Еуропаны біріктіріп жатқан үлкен пункт. Қазір Жібек жолы туралы көбірек айтылуда, бұл керемет концепция, сонымен бірге Еуропада да ежелгі ганзейлік қалалар жүйесі жаңғырып жатыр. Бүгінде бұл жүйеге 16 ел, 180 қала кіреді. Астана мен Таллиннің арасындағы достық өзара әрекеттесу күшті алаң жасайды деп ойлаймын. Бұл өзара әрекет жаңа құралдар блокчейн, криптовалюта базасында қалыптасуы мүмкін. Жаңа құралдар жаңа әрекеттесуге себеп болады», – деді форум кулуарында Ханон Барабанер.


Естеріңізге сала кетейік, Астанада екінші күн Global Silk Road Жібек жолы қалаларының мэрлер форумы өтуде. Шараға 60 елден 3000-нан астам қатысушы тіркелді. Оның ішінде Жібек жолы елдерінің 73 қала мэрі, 30 саяси лидер, 200 ірі сауда-өнеркәсіп палатасы мен әлемнің трансұлттық компаниясы, 150-ден астам спикер мен модераторлар қатысты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 шілде 2018 г. 344 0