"Бокс королі" атанған қазақ жігіт Қытай құрамасына қабылданды

Қытайда тұратын этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатханұлы бокстан Қытайдың ұлттық құрамасына қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қытайдың kazakh.people.com порталының мәліметінше, бокстан Қытайдың ұлттық құрамасына Шыңжаң автономиялық өлкесінен екі боксшыға шақырту келіп түскен.

Соның бірі біздің қандасымыз - Тоқтарбек Таңатханұлы.

Айта кетейік, Қытайдың ішкі біріншіліктерінде 75 келі салмақта сынға түсіп жүрген Тоқтарбек осы жылдың қаңтар айында "Бокс королі" чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, "король" чемпиондық белдігін иемденген болатын.

Сонымен қатар осы жылы ол өз салмағында Қытай біріншілігінде топ жарып, чемпион атағын деп жеңіп алған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 шілде 2018 г. 451 0