Жер кодексі қалай өзгерді?

 2018 жылдың 4 мамырында Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қанат Нұрманов айтып берді. 

Қабылданған Заңмен қарастырылады:

- қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру нормасын сақтау және жетілдіру;

- жалға берілетін ауыл шаруашылығыжерлерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшерін белгілеу;

- шекаралық аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін беруге талаптарды күшейту;

-тұрғындардың жайылымдық алқаптарға қажеттілігін қамтамасыз ету;

- жеке тұрғын үй құрылысы үшінжер учаскелерін беруді мемлекеттік мұқтаждыққа жатқызу қарастырылған.

  Заң, ең алдымен қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтау және ары қарай жетілдіруге бағытталған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 шілде 2018 г. 543 0