Қытай бизнесмендерінің жобаларын Қазақстан алдымен талқылаудан өткізбек

Жібек жолы қала мэрлерінің форумы барысында қазақстандық және қытайлық бизнесмендер «сағатты салыстырып көрді» және алдағы жоспарды талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Форум алаңында «Қытай-Қазақстан. Бизнес көшбасшылары. 10+10 әріптестік форумы» панельді сессиясы болып өтті. Кездесуде спикерлер Қазақстан мен Қытай мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда жеке бизнестің ролін ерекше атап өтті.


«Қазақстан-қытай бағдарламасының шеңберінде 55 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Жобаның көп бөлігін жеке бизнес атқаруда», – деді ҚДБ басқарма төрағасы Болат Жәмішев.


Кездесуге Қытай мен Қазақстанның ірі компаниялары қатысты. Оның арасында – 10 қытай трансұлттық компаниясы бар, олар ҚР қалалары мен Астанаға инвестиция құюға қызығушылық білдіріп отыр.


«Бүгін Қытай мен Қазақстанның ірі бизнес өкілдері алдағы жоспарды талқылап, сағатты салыстырды. Қытай тарапынан инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру туралы ұсыныстарды қарап, оның бәрін талқылауға жібердік. Ағымдағы жобалар жалғасуда, сонымен қатар жаңадан ұсынылған жобаларды да көрдік. Меніңше әркім өзінің бағытын таңдап алды: энергетика, инфрақұрылым, жол, «ақылды» технологияны енгізу», – деді Астана әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.


Естеріңізге сала кетейік, астанада І Халықаралық Жібек жолы қала мэрлерінің форумы басталды. Форум аясында Астананың дамуы және басқа да қалалармен әріптестік жөніндегі меморандумға қол қою жоспарлануда.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 шілде 2018 г. 529 0