Комсомол ардагерлерінің аманаты

Комсомол жастар ұйымының құрылғанына 100 жыл толуына орай Шиеліде «Тарихқа тағзым – ұрпаққа ұлағат» атты шара өтті. Шарада аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов комсомолдың аға буын өкілдеріне ақ тілегін айтып, құттықтау лебізін жеткізіп, комсомол ардагерлерін алғыс хаттармен марапаттады. 
Сонан соң облыстық «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Божанова мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, комсомол лидерлерінің, яғни көшбасшыларының бірі С.Оразымбетов комсомол ардагерлеріне медаль мен алғыс хаттар табыстады. Комсомолдың 100 жылдығына арналған кездесуде аға буын өкілдері аудан жастарына аманат табыстады.
Көпшіліктің көңілінен шыққан шараның негізгі мақсаты - бүгінгі таңдағы жастардың сабақтастығы үзілмей, болашақтың даңғыл жолына шығуына үлес қосу болды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 шілде 2018 г. 390 0