Қармақшы ауданының әкімі байланыс және ақпарат саласының қызметкерлерін қабылдады

Кеше аудан әкімі С. Мақашов  байланыс және ақпарат саласының қызметкерлерін қабылдады. Сала майталмандарына аудан әкімі кәсіби мерекесіне орай жылы лебізін білдіріп, алғыс хаттармен марапттап сый сияпат көрсетті. 

Шара барысында сөз алған аудан әкімі "Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні - газет пен журнал, теледидар мен радио, полиграфиялық сала қызметкерлеріне ортақ мереке. Бұл - тек журналистер үшін ғана емес, сонымен бірге кадр сыртындағы жандар мен газет-журнал беттерін дайындайтын мамандар үшін де маңызы зор күн. Бүгінгі күн телекоммуникация саласының қызметкерлері үшінде ерекше күн" екендігі жайлы айтып өтті.
Шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Есдәулетов сөз алып сала мамандарына жылы лебізін жеткізді.
Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 шілде 2018 г. 407 0