Аудандық комиссия отырысы өтті

Жалағаш ауданының әкімі Қ.Ә.Сәрсенбаевтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудан прокуроры, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаметінің Орталық аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Қ.Рахметов, «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева, жергілікті полиция қызметінің бастығы М.Өсер, мәслихат депутаттары, тиісті бөлім, мекеме басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. 

Атап айтқанда, Жалағаш аудандық жергілікті полиция қызметінің, Жалағаш кенті әкімінің аппараты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстары туралы хабарламалар жасалды. Хабарламашыларға аудан әкімі тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, кент, ауылдық округ әкімдеріне, тиісті бөлім, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 маусым 2018 г. 101 0